12 там, 2020 сағат 08:56

Алдағы үш күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 13-15 тамыз күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алдағы үш күнде оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне ығысып, құбылмалы ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде дауыл тұрып, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болады. Еліміздің тек оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», - деді «Қазгидрометтен».