Қазгидромет мамандары Қазақстанда 4-6 қараша аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер болжамына сәйкес, осы аралықта жауын-шашын тоқтайды, алайда ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Тек 4 қарашада ғана оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар, таулы аудандарда қатты қар жауады. Жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде тұман түседі.
Ауа температурасы батыста түнде 1-6°C суық, күндіз 0-5°C градус жылы болады. Оңтүстікте түнде 3-8°C суық, күндіз 10°C жылы.
Солтүстік-батыста 8-13°C-тан 0-10°C-қа дейін суық болады.
Солтүстікте 13-18°C-тан 0-10°C-қа дейін суық, күндіз 0-8°C-тан 0-6°C-қа дейін жылы болады.
Орталықта және шығыста түнде 13-21°C-тан 5-13°C-қа дейін суық, күндіз 2-13°C-тан 0-8°C-қа дейін суық, солтүстік-шығыста 0-8°C жылы болады.
Оңтүстік-шығыста түнде 5-13°C суық, күндіз 0-5°C жылы болады.
Мегаполистердегі ауа-райы
Нұр-Сұлтанда 4 қарашада күн ашық, күндіз ауа температурасы -5°C, түнде -13°C болады.
5 қарашада күн ашық болып, күндіз ауа температурасы +1°C, -8°C болады. 6 қарашада күн бұлтты болады, күндіз +1°C, түнде -5°C болады.
Алматыда 4 қарашада күн бұлтты болып, қалың қар жауады. Күндіз ауа температурасы -6°C, түнде -11°C болады.
5 қарашада күн ашық болып, күндіз ауа температурасы -7°C, -12°C болады. 6 қарашада күн ашық болады, күндіз +1°C, түнде -11°C болады.
Шымкентте 4-6 қараша аралығында күн ашық болады, ауа температурасы күндіз +3…+9 градусқа көтеріледі. Ал түнде -3…-5 градусты қамтиды.
Қарашада ауа-райы қандай болады?
Айдың бірінші жартысы жылы болады деп болжанып отыр. Солтүстікте ауа температурасы түнде минус 3 градустан -8...-13°С дейін, күндіз +3...+10°С-тан -2+3°С дейін құбылады.
Бірінші онкүндіктің соңында республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жел күшейіп, жауын-шашын (көбіне қар) түседі, айдың екінші жартысында бұл құбылыс жиілейді. Бір ай бойы көктайғақ пен тұман байқалады.
"Айдың екінші жартысында күн қатты суытады. Сынап бағанасы түнде -17...-25°С дейін, күндіз -8...-13°С дейін, ал еліміздің шығысында түнде -30°С дейін, күндіз -18°С дейін төмендейді", - деп болжады синоптиктер.
Қарашаның үшінші онкүндігінде суықтың беті қайтады. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жабысқақ қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады.
Ең жылы күндер айдың бірінші жартысында болады. Күндіз ауа температурасы +10...+18°C дейін жоғарылауы мүмкін, алайда қарашаның екінші жартысында температура фоны түнде -5...-17°C, күндіз -2...-7°C дейін төмендейді.
Үшінші онкүндікте күн қайтадан жылынады.