Синоптиктер 30 қыркүйек, 1-2 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазгидромет мәліметі бойынша, Қазақстан аумағының батыс өңірлерден басқа басым бөлігі әлі де жүріп келе жатқан циклон жырасының ықпалында болады.
"Батыс өңірі қазірдің өзінде Мәскеу аудандарынан көшіп келе жатқан солтүстік-батыс антициклонның қол астында. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, арты көктайғаққа ұласады. Түнде және таңертең тұман түседі", - делінген хабарламада.
1 қазаннан бастап солтүстік-батыс антициклонның батыстан шығысқа қарай ығысуына қарай жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының одан әрі төмендеуі күтіледі. Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аяз, күндіз 2-7 градусқа дейін жылы болады.
Еліміздің солтүстік-батысында түнде термометр 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус жылы болады. Ал оңтүстік өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз температура 8-13 градусқа дейін төмендейді. Елдің батысында ғана ауа температурасының негізгі фоны түнде 3 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 10-15-тен 13-18 градус жылыға көтеріледі.
1241 рет оқылды