«Қазгидромет» РМК алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Еліміздің солтүстік және шығыс жартысында жаңбырдың арты қарға ұласуын тудырған солтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Мұнда жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады. Алайда, кезекті антициклон жылжып келеді, оның әсерінен жауын-шашынның тоқтауы және еліміздің көптеген облыстарында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек батыста ғана ауа райы күздегідей жылы болады.