20 мам, 2020 сағат 10:23

Алдағы үш күнде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы күндері антициклонның әсерінен Қазақстан Республикасының оңтүстік жартысында жауын-шашын тоқтайды. Ал елдің солтүстік бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр және бұршақ жауады. 

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Үшінші күні республикада ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.