Фото: depositphotos.com
Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың бүкіл Батыс жартысына Батыс антициклон әсер етеді, онда жауын-шашынсыз аязды ауа-райы күтіледі. Ал елдің қалған аймақтарына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, олармен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, көктайғақ, тұман, боран мен желдің күшеюі күтіледі.
- Түнде елдің батысында ауа температурасы 22-30 градус аязға дейін; солтүстік-батыста 20-30 градус аязға дейін;
- солтүстікте, орталықта және шығыста 7-18 градус аязға дейін әлсірейді;
- оңтүстікте 5 градус аяз - 5 градус жылуға дейін;
- оңтүстік-шығыста 0-10 градус аязға дейін көтеріледі.