14 қаз, 2020 сағат 10:15

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

15-17 қазан аралығында еліміздің батыс және солтүстік жартысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақ теңіз аудандарынан келетін циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында жаңбыр жауып, жел күшейеді. 

Алайда ауа температурасы айтарлықтай төмендемейді. 

Еліміздің оңтүстік және шығыс бөлігінде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.