10 мау, 2020 сағат 12:45

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 маусымда солтүстік және орталық өңірлер жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады. Оған ашық, құрғақ және ыстық ауа райы тән. Бұл аймақтарда осындай ауа райы қалыптасады. 

Күндізгі температура 26-34 градусқа дейін көтеріледі. 

Бірақ 12-13 маусым аралығында ауа райы күрт өзгереді. Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар өзімен бірге найзағай, екпінді жел және жаңбыр әкеледі. 

Бұл ретте температура 20-29 градусқа дейін төмендейді.