27 мам, 2020 сағат 11:27

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК Қазақстанда 28-30 мамыр күндері қалыптасатын ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Архангельск ауданынан (Ресей – ред.) антициклон республиканың басым бөлігіне өз ықпалын тигізуде. Сол себепті жауын-шашынсыз ауа райы сақталады және ыстықтың басылуы байқалады. Дегенмен, кейіннен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, найзағай, өткінші жаңбыр және бұршақ күтіледі. Ал еліміз оңтүстігінде Ираннан келетін жылы ауа массаларына байланысты күн райы ыстық және құрғақ болады. Оңтүстікте және батыста кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін», - делінген ақпаратта.