25 мам, 2020 сағат 11:27

Алдағы тәуліктерде солтүстік өңірлерде күн салқындайды

Қазгидромет 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ресей аумағынан жылжыған антициклон республиканың солтүстік өңірлеріндегі ыстық температураны төмендетеді. Ал оңтүстікте Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларынан ыстық және құрғақ ауа райы сақталады. Оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауылмен желдің күшеюі күтіледі», - делінген хабарламада.