Қазгидромет 3-5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, шығыста кей жерлерде жел күшейіп, қатты нөсер жаңбыр жауады және бұршақ түсуі ықтимал. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне Таймыр аудандарынан суық ауаның күрт ағыны күтілуде», - делінген хабарламада.