21 қаз, 2020 сағат 07:56

Алдағы тәуліктерде қар жауып, күн суытады

Қазгидромет 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі. Онымен бірге жауын-шашын болып, арты жаңбыр қарға ұласады. 

«Бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады. Түнде термометр елдің солтүстігінде және орталығында минус 5-13 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде минус 3 градус аязға дейін төмендейді», - деді Қазгидромет.