Фото: elements.envato.com
Синоптиктер 15-17 маусымдағы ауа райына болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжам бойынша, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен жаңбыр жауып, найзағай түсіп, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады деп күтіліп отыр.
"Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қысым күшейеді, ауа температурасының түнде 2-10 градусқа дейін қысқа мерзімді төмендеуі, жер қабатында 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы 20-28-ден 25-32 градусқа дейін ыстық болады", - делінген хабарламада.