19 қаз, 2020 сағат 10:17

Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде қар жауады - Қазгидромет

Қазгидромет 20-22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«20-21 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз және жылы болады. Бірақ кезекті солтүстік-батыс циклонының келуімен жауын-шашын болады. Республиканың солтүстігінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі күтіледі», - делінген хабарламада.