Синоптиктер 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыс антициклоны салдарынан еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, ары қарай орталық өңірлерде ыстықтың беті қайтады. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде күн райы ашық болады. Ал Қазақстанның оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа температурасы әрі қарай көтеріледі», делінген болжамда.