Қазақстанда 21-23 қыркүйек аралығында күн салқындайды, деп хабарлады Қазгидромет.
Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы үш күнде батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады. Елдің солтүстігі мен шығысында екпінді жел тұрып, жауын-шашын болады.
Батыста түнде 3-17°C, күндіз 12-28°C жылы болады. Солтүстік-батыста түнде 0-7°C жылы болады, 3°C үсік жүреді, күндіз 8-23°C жылы болады.
Болжамға сәйке, солтүстікте түнде 0-5°C жылы, 3 градус үсік жүреді, күндіз 6-11°C жылы болады.
Орталықта және облыстың шығысында түнде 0-5°C жылы, 3 градус үсік жүреді, күндіз 6-16°C жылыны көрсетеді.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 4-15°C, күндіз 17-28°C жылы болады.
Алматыда 21 қыркүйекте күн ашық, күндіз ауа температурасы +24°C, түнде +12°C көрсетеді. 22-23 қыркүйекте күн алабұлтты болып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +12°C, күндіз +21...+23°C болады.
Нұр-Сұлтан қаласында 21-22 қыркүйекте күн бұлтты, ауа температурасы түнде +2...+3°C, күндіз +8...+9°C болады.
23 қыркүйекте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температуасы түнде +3°C, күндіз +7°C болады.
Шымкент қаласында 21 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы түнде +13°C, күндіз +27°C болады. 22 қыркүйекте күн бұлтты, жаңбыр жауады, түнде +12°C, күндіз +26°C жылы.
Ал 23 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы түнде +11°C, күндіз +28°C көрсетеді.