Синоптиктер 2018 жылдың ақпанның 1-3 аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Атлантикалық циклонмен байланыстырылған жылы ауа массалары Қазақстанға өте баяу жылжуда. Мұның себебі республиканың ауа-райына суық және қуатты Сібір антициклонының тигізген әсері болып табылады. Бірақ басталған жылуды тоқтата алмайды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, алдағы үш тәулікте, циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы өтіп, температураның көтерілуін ғана емес, жол-жөнекей боран, қар жауу, қатты батыс желін, оңтүстік аудандарға көктайғақ алып келеді. Осы кезеңде ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады.