Фото: Сергей Булкин/NEWS.ru
Синоптиктер 30 қаңтар - 1 ақпан аралығында ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері Солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік облыстарда қар түрінде, оңтүстік өңірлерде бұрқасын және жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі, сондай-ақ жел күшейіп, қарлы боран соғуы ықтимал. Ал оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.
"Температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.