14 там, 2023 сағат 12:15

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: pexels.com

Синоптиктер 15-17 тамыз күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстан аумағында атмосфералық фронтал бөліктер ықпалынан ауа райының тұрақсыз сипаты жалғасады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Республиканың басым бөлігінде температуралық фон біртіндеп көтеріле бастайды, тек батыс аймақтарда температура төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.