Фото: elements.envato.com
Синоптиктер 11-13 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағы арқылы батыс циклоны өтеді. Осыған байланысты күн күркіреп, батыста, солтүстікте және республика орталығында бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында антициклонның екпінімен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"Барлық кезең бойынша солтүстікте, орталықта, 11-12 шілдеде солтүстік-батыста, 12-13 шілдеде оңтүстікте, 13 шілдеде Қазақстанның оңтүстік-шығысында 43 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.