07 мау, 2023 сағат 14:50

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: elements.envato.com

Синоптиктер Қазақстанда 8-10 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтал бөлімдер әсерінен 9 маусымда солтүстікте, елдің орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, құмды дауыл болады.

"08 маусымда күндіз шығыста, 08-09 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында +41°С-қа дейін өте қатты ыстық сақталады, 08-09 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста температураның +20+28°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.