20 мам, 2022 сағат 16:50

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


Қазгидромет 21-23 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің мәліметі бойынша, Ресейдің еуропалық бөлігіндегі циклонға байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағындағы ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді.

"Найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін, ал солтүстік-батыста, сондай-ақ, оңтүстік өңірлердің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауады деп болжануда. Батыста, солтүстік-батыста түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, болжам бойынша, батыста күндізгі температура 8-18 градустан 15-28 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

"Қалған аймақтарда температура төмендейді. Күндіз солтүстікте, орталықта 25-30-дан 15-20 градусқа дейін, елдің оңтүстігінде және шығысында 28-33-тен 17-25 градусқа дейін болады", - делінген хабарламада.