08 қаз, 2021 сағат 18:03

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


Қазгидромет алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

9-11 қазан күндері Ресейдің еуропалық бөлігінан жылжыған жылы ауа еліміздің батысы мен солтүстік-батысына қарай ығысып, жауын-шашынсыз ауа райыының болуына ықпал етеді. 

Бұл өңірлерде ауа температурасы күндіз +15-20 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның басқа өңірлерінде ауа қысымы төмен болады, соған байланысты жаңбыр мен қар жауып, оңтүстік өңірлерде бұршақ жауып, жел күшейеді. Елдің солтүстігі, шығысы, орталығы мен оңтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Республикамыздың солтүстігі, орталығы мен шығысында ауа температурасы күндіз +7-15-тен 0-7 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +3-8 градус жылы болса, таулы аудандарда температура -3 градус, күндіз +10-15 градус болады.