Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап және найзағай болады деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар мәліметінше, республиканың басым бөлігінен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады деп болжанған: найзағай, бұршақ, жел және жаңбыр.
"Республиканың барлық аймақтарында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты: батыста түнде 17-22, күндіз 30-38 градус жылы, солтүстікте түнде 7-18, күндіз 20-32 градус, республиканың орталығында және шығысында түнде 7-18, күндіз 22-35 градус, оңтүстікте түнде 15-23, күндіз 32-40 градус аптап, оңтүстік-шығыста түнде 13-22, күндіз 27-37 градус ыстық", - делінген хабарламада.