02 там, 2023 сағат 12:30

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: elements.envato.com

Синоптиктер 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, таяу күндері Қазақстан аумағында ауа-райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Еліміздің басым бөлігі әлі де атмосфералық фронтал бөліктердің ықпалында болғандықтан, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"Республикамыздың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, екпінді жел, бұршақ және дауыл күтіледі. Батыс өңірлер жоғары қысым алқабында болғандықтан, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр. Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болжанбайды" - делінген хабарламада.