19 мау, 2023 сағат 12:58

Алдағы күндерге ауа райы қандай болады?

Фото: pibig.info

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат",

Қазгидромет мәліметтеріне сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райын терең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады. Осыған байланысты жаңбыр жауады және найзағай ойнайды.

Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл, желдің күшеюі күтіліп отыр. Ал оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Төмен қысымды биіктік жырасы түнгі ауа температурасының солтүстікте 5-13 жылыға дейін, шығыста 7-15 жылыға дейін төмендеуіне ықпал етеді.

Еске салайық, 18 маусымда жексенбі күні Астанада кешкі уақытта жылы ауа райы күрт өзгерді. Аспандағы бұлттар қоюланып, қатты жаңбыр мен бұршақ жауа бастады. Елордалықтар әлеуметтік желіде ауа райының қолайсыздығы түсірілген видеоларын бөлісті.