коллаж: РБК-Украина
Синоптиктер әр өңір тұрғындарын Жаңа жыл қарсаңында қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжам бойынша, 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Қазақстандағы ауа райына Атлант циклондары және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. 1-2 қаңтарда жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, солтүстік облыстарда қар жауады. Елде көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-28 метрге жетеді.
Ауа температурасы:
- батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыдан 0-5 градусқа дейін ауытқиды;
- солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 7-12 аяздан 5 градус аязға дейін ауытқиды - 2 градус аяз, күндіз 0-8 градус аяздан 2 градус жылыға дейін - 5 градус жылы;
- солтүстікте, орталықта түнде 5-15 аяздан 5 градус жылыға дейін ауытқиды – 2 радус жылы, күндіз 2-10 аяздан 2 градус жылыға дейін – 3 градус жылы;
- шығыста түнде 7 градус аяз - 2 градус жылыдан 5-15 градусқа дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін ауытқиды;
- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 0-10, таулы аймақтарда 10-15 градус аяз, күндіз 3 градус аяз - 5 градус жылы, таулы аймақтарда 6 градус аяз.