08 қаң, 2021 сағат 12:03

Алдағы демалыста Қазақстанда күн жылынады

«Қазгидромет» синоптиктері 9-11 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер ететін болады. 

Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы оң көрсеткіштерге дейін көтеріледі. 

Республиканың басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғып, қар жауады. 

Оңтүстікте жауын-шашын жауады. 

Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді.