© Photo: CC0 / Наталья Коллегова
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидромет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Метеорологтар болжамынша, алдағы күндері республиканың басым аумағында синоптикалық жағдай фронтальды бөлімдердің әсерінен қалыптасады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады.
Еліміздің солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын жаңбыр мен ылғалды қар түрінде болады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ Қазақстаннның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман болады деп болжануда.
Еліміздің көптеген аймағында ауа температурасы түнде 2-12 градус, күндіз 15-23 градус жылы, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температура фоны түнде 10-15 градус, таулы аймақтарда 0-5 градус жылы, ал күндіз 20-28 жылы болады күтіледі.