Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Об шығанағы аудандарынан циклон әсер етеді. Елдің оңтүстік және шығыс бөлігінде кей жерлерде қатты жауын-шашын түседі. Басым бөлігінде жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі», - делінген хабарламада