Қазгидромет алдағы 3 тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жылу мен ылғалдың мол қорымен Атлантикалық циклон Қазақстан аумағына ығысады. Ол өзімен бірге жауын-шашын әкеледі, тіпті солтүстік аймақтарда қардың соңы жаңбырға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ, тұман және бүкіл ел бойынша температуралық фон көтеріледі деп күтіледі», - делінген хабарламада.