Алания туристік ауданының жағалауында, Жерорта теңізінде сейсенбі күні катер суға батып кетті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Бір адам мерт болды, 37 адам құтқарылды. Қаза тапқан азамат – ресейлік турист.
Кеме жергілікті уақытпен 11.10-да жағалаудан 50-100 метр қашықта батып кеткен.
Апаттың жай-жапсары тексеріліп жатыр.