#
#
Дүйсенбі 06/07/2020

Алакөлде демалушылардан коронавирус жұқтырмағандығы туралы анықтама талап етіледі

  • 04.06.2020
  • 0
  • 262

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус пандемиясына байланысты демалыс орындарының иелері мен туристер бірқатар нормативтерді сақтау керек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметінше, демалушылар жағажай аймағында кем дегенде екі метр қашықтықты сақтауы тиіс. Демалыс базаларындағы жатын орындар мен үйшіктердің тек 50%-ы жалға беріледі. Сондай-ақ келушілерден соңғы 7 күн ішінде алынған коронавирус жұқтырмағандығы туралы анықтама қағаз болуы шарт. Бір отбасында 1 адамның анықтамасы болса жеткілікті. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында айтылған. 

Барлық демалыс орындары дезинфекциялық және жеке қорғаныс құралдарымен, дене қызуын қашықтан өлшейтін термометрлермен қамтылуы қажет. Демалушылардың өздерінде де жеке қорғаныс құралдары болғаны абзал. Келушілерге медициналық көмек көрсету үшін Алакөлдің жағасында Қабанбай ауылындағы дәрігерлік амбулаториядан тәулік бойы жұмыс істейтін 12 төсек-орын дайындалды. Сонымен қатар көлдің бойына 24 сағаттық травматология пункті орнатылған. Қажет болған жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Өскемен және Семей қалаларынан мамандар жеткізіледі. Пациенттерді Үржар ауданындағы аурухана қабылдауға дайын. Онда екі өкпені жасанды желдету аппараты бар. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар