Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Ақын» атты (жұмыс бойынша атауы) толықметражды көркем фильмді түсірмек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фильмнің режиссері – Дәрежан Өмірбаев.
«Герман Тесстің «Шығармашылық кеш» атты әңгімесінің желісі бойынша түсірілетін туынды Алматыда тұратын 40 жастағы қазақ ақынының өмірінен сыр шертеді», - делінген хабарламада.
Киножобаға картинаның ұйымдастыру қызметі келесі талаптар бойынша кастинг жариялады:
- 35-55 жас аралығындағы ер адамдар;
- 25-35 жас аралығындағы әйел адамдар;
- 70-75 жас аралығындағы қариялар;
- 65-70 жас аралығындағы әйелдер;
- 9-14 жас аралығындағы ұл балалар мен қыздар.
Кастинг әр дүйсенбі күні «Қазақфильм» киностудиясындағы «ПЛК» ғимаратында (2 қабат, 236 каб.) «Қадам» студиясында өтеді. Желтоқсанның 25-не дейін жалғасады.