#
#
Сейсенбі 14/07/2020

Ақылбек Рысқалиев Атырау облыстық мәдениет басқармасын басқарады

  • 29.06.2020
  • 0
  • 206

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың өкімімен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа басшы болып Ақылбек Аманбайұлы Рысқалиев тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімі баспасөз қызметі.

Ақылбек Аманбайұлы 1971 жылы туған.

Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика институтын «мәдени ағарту жұмыстарының ұйымдастырушы методисі» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры» бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Атырау облысы, Исатай аудандық мәдениет бөлімінің әдіскерлер орталығының әдіскері лауазымынан бастаған.

1994-2006 жылдары әдіскерлер орталығының меңгерушісінен Мәдениет үйінің директорына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2006 жылы Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

2012 жылы Исатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

Соңғы жұмыс істеген орны – Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар