30 сәу, 2020 сағат 09:28

Ақтөбелік полицейлер балконнан секірмекке әрекеттенген ер адамды құтқарды

Ақтөбеде облысының ПД патрульдік жасақтары 41 жастағы ер адамның өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

29 сәуірде сағат 16:43-те «102» пультіне Білге қаған көшесіндегі үйдің тұрғындарынан төртінші қабаттың балконынан ер адам секіріп кетпекші болып тұрғаны туралы қоңырау келіп түсті. Ақтөбе облысы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері осы ауданда болған патрульдік жасаққа хабарлама берді.

Оқиға орнына шұғыл жеткен екі патрульдік нарядтың бірі тұрғын үйге келген бойда үйдің төртінші қабатына көтеріліп, ер адам тұрған пәтерге кіруге тырысты, бірақ ешкім есікті ашпады.

Екінші топ төменгі жақта, сыртта тұрып, балкондағы ер адамның іс-әрекетін қадағалаған. Әскерилер көрші пәтерден балкон арқылы кіруше шешім қабылдады.

Осылайша Ақтөбе қаласының аумақтық қорғаныс әскери міндеттілері Сағынбаев пен Қалыбеков суицидтің алдын алып,ер адамды құтқарып қалды. Ол облыстық наркологиялық диспансерге алғашқы көмек көрсету үшін жеткізілді.