26 қаң, 2021 сағат 20:36

Ақтөбедегі спорт сарайы УЕФА талабына сай емес

Футзалдан «Ақтөбе» командасы чемпиондар лигасындағы ойыны Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе қаласындағы «Қоныс» спорт сарайы УЕФА талабына сай емес. Сондықтан Чемпиондар лигасының 1/8 финалында словениялық «Добовецті» қабылдайтын «ақ-қызылдар» өз матчын Алматы қаласында өткізетін болды. «Ойын 18 ақпан күні сағат 16:00-де «Нұр-Аман» спорт кешенінде өткізіледі деп жоспарланды. Еліміздегі эпидимиологиялық жағдайларға байланысты ойын жанкүйерсіз өтеді. Қазіргі таңда «Қазспорт» телеарнасымен тікелей көрсетілім бойынша келіссөздер жүріп жатқанын хабарлаймыз. Ойынның тікелей эфирден көрсетлуі әбден мүмкін», - деп хабарлады «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі.