31 қаз, 2022 сағат 13:27

Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды


Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. Бұл қылмысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, соттың қаулысымен тергеу мерзіміне қамауға алынған.

"Қылмысты жасады деген күдікпен 13 адам ұсталды. Олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Сонымен қатар осы ауыр қылмыстың жасалғаны туралы айтпағаны және уақытылы медициналық көмек көрсету шараларын қабылдамағаны үшін түнгі клуб директоры ұсталды. Бұл клубтың лицензиясының күшін жою және оны жабу туралы сотқа талап енгізіледі.

Алдағы уақытта қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында Полиция департаментінің бастамасымен барлық көңіл көтеру орындары азаматтардың қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, лицензиясы бар күзет субъектілерінің тартылуына тексеріледі. Қылмыстық істің тергелу барысы туралы ақпарат қоғамға қадағалау органымен келісім бойынша ұсынылатын болады" - делінген ПД хабарламасында.