Ақтөбеде букмекерлік кеңсе ішінде электронды казино ашқан 10 сотталушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері 2014 жылдан бастап электронды казино қызметін ұйымдастырған топты анықтап, қызмыстық істі сотқа жеткізді. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері заңсыз жолмен ақша тауып, пайдаға кенелмек болған.
«Олар «Stavkabet.kz» букмекерлік кеңсесін ашқанымен, жасынын түрде электронды казино қызметін ұсынған. Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен қылмыстық топтың 5 мүшесі 2 жылға, қалған бесеуі 6 жылға сотталды. Заңсыз казинодан тәркіленген 3,5 миллион теңге ақша мен 400-ден астам ойын терминалы мен түрлі құрылғы мемлекет кірісіне өтті», - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.