26 ақп, 2018 сағат 11:48

Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген тағы бір автобус апатқа ұшырады (Видео)

Өзбекстан азаматтары мінген жолаушылар автобусы Ақтөбеден Хромтауға бара жатқан жолда апатқа ұшырады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, жол апаты 25 ақпанда сағат 20.40 кезінде Самара-Шымкент тас жолында Жазық ауылына жақын жерде болған.

"Mercedes автобусының 35 жастағы жүргізушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғыны Ақтөбеден Хромтауға бара жатып, рөлге ие бола алмай, жыраға түсіп кетіп, артынша автобус аударылып қалған", — деп хабарлайды полиция.

Жол апаты салдарынан автобустың 7 жолаушысы – Өзбекстан азаматтары Хромтау қаласына ауруханаға жатқызылды. Автобуста барлығы 25 жолаушы болған.