18 сәу, 2020 сағат 19:52

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған күдіктіден жауап алғандар карантинде болады

Ақтөбеде індетке шалдыққан күдіктіден жауап алған прокурорлар мен полиция қызметкерлерінен анализ алынды. Алғашқы тексеру кезінде олардан ауру белгісі анықталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полицияның тергеу изоляторында 8, прокуратурада 15 адамнан анализ алынып, карантинге жатқызылды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. 

Еске салсақ, кеше тергеу изоляторындағы күдіктіні тексеру кезінде оның індет жұқтырғаны анықталған болатын.