4 мамырдан бастап Ақтөбеде халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастайды, - деп хабарлайды облыс әкімдігі жанындағы жедел штабы.
Ақтөбе қаласы мен аудандарда 4 мамырынан бастап сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Тек бизнес өкілдеріне қызмет көрсетеді. Ақтөбе қаласында Тургенев көшесіндегі және Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы алғашқы тізімге енген.
«Төтенше жағдай кезігже 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алуға 567 251 адам өтініш берді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 353 мыңға жуық өтінішті кері қайтарды. Ал 206 мыңнан астам адам төлемақы алды. Қалған бөлігіне төлем жүргізілу үстінде. Ал «Біз біргеміз» акциясы аясында 4347 отбасына 40,4 млн теңге көлеміндегі азық-түлік пакеті, гигиеналық құралдар, маска және ақшалай көмек көрсетілді. Оның ішінде: 1804 аз қамтылған отбасына, 115 жалғыз басты анаға, 1365 көпбалалы отбасына, 559 мүгедекке, 220 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасына, 174 жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге, 2 ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балаға, 118 тыл ардагерлері мен ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне заттай және ақшалай көмек көрсетілді және 120 мыңнан астам маска таратылды«, - деп хабарлады жедел штаб.
Айта кетейік, Call-орталыққа 21 039 сұрақ түсті. Түскен сұрақтардың барлығы тиісті мемлекеттік органдарға шара қабылдау үшін жолданды. Психологиялық көмек көрсететін «Қызу желіге» 153 адам қоңырау шалды.
«Төтенше жағдай енгізілгеннен бері 1125 тәртіп бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде 238 адам қамалды. 78 адам блокпосттан заңсыз өтпек болды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметі.