02 мау, 2020 сағат 08:42

Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы 4 жұмысшының өліміне қатысты істің мән-жайы белгілі болды

Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы 4 жұмысшының өліміне қатысты істің мән-жайы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 28 мамырында Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы №4 цехта 4 жұмысшы көз жұмып, екеуі ауруханаға түскен болатын. 

Аталған факті бойынша Ақтөбе облыстық ПД бөлімшесі Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлімі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық істі тіркеді. 

«Гидроксил» химиялық заты болған 50 текшелік сыйымдылықты тазалау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік техникасы ережелері бұзылған. ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде күдікті ретінде учаске шебері, бөлім бастығы және №4 цех бастығы ұсталды. Барлық үш адамға қатысты «Күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Барлық сараптама тағайындалды, қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттар, наряд беру журналдары, лауазымдық нұсқаулықтар алынды. Тергеу жүргізілуде.