#
#
Cәрсенбі 05/08/2020

«Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

  • 14.01.2020
  • 0
  • 324

Ресейлік маман Владимир Маминов «Ақтөбе» клубының бас бапкері ретінде жұмысқа кірісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ақтөбе» футбол клубы мәлімдегендей, В.Маминовпен келісімшартқа қол қойылған.

Команда құрамын жасақтауды бастаған жаңа бапкер «Ақтөбемен» бірге жуырда Түркияда өтетін бірінші оқу-жаттығу жиынына аттанатын болады.

В.Маминов футболшы ретінде мәскеулік «Локомотив» құрамында 1992-2008 жылдары доп тепті.

Өзбекстан құрамасында да ойнаған 45 жастағы В.Маминов бапкерлік мансабын «Локомотивте» бастап, бас бапкердің көмекшісі болды. Уақытша бас бапкерлік міндетін атқарған ол кейін Қазанның «Рубин» клубына ауысты. 2014 жылдан бастап «Химки», «Солярис» (Мәскеу), «Тюмень» клубтарын бас бапкер ретінде жаттықтырды.

Кезінде бес мәрте ел чемпионы, үш реттен күміс және қола жүлдегер атанған «Ақтөбе» өткен маусымда премьер-лигадан түсіп қалған болатын. Биыл В.Маминовтың жетекшілігімен оған қайта оралуды мақсат ететіні сөзсіз.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барселонаның» бас бапкері ауысқанын, «Астанаға» Михал Билектің келгенін жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар