#
#
Сейсенбі 14/07/2020

Ақтөбе-Ақтау пойызында жолаушы әйел босанып қалды

  • 05.06.2020
  • 0
  • 179

4 маусым күні Ақтау тұрғыны «Ақтөбе-Ақтау» бағытымен келе жатқан пойызда босанып қалды. Оны теміржол құрамының бастығы мен акушер босандырған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Лада-ға сілтеме жасап.

Жүктіліктің сегізінші айында болған Ақтөбе облысының тумасы Ақтауға, өз үйіне келе жатқан. Ақтөбеде анасының үйінде қонақта болған. 

«4 маусым күні таңғы сағат 5-те маған жолсеріктер келіп, жетінші вагондағы әйелдің толғағы басталғанын айтты. Әріптестеріммен бірге басқа жолаушылардан пойызда дәрігер бар ма деп сұрастыра бастадық. Бесінші вагоннан ақтөбелік акушер дәрігер Светлана Нүрпейісова табылды. Босанып жатқан әйел қызметтік купеге ауыстырылып, оған көмек көрсетіле бастады. Сағат 11:10-да ол дүниеге ұл бала әкелді. Барлық стансаларда жас анаға жедел жәрдем дәрігерлері медициналық көмек көрсетті. Бойжеткен стансалардың бірінде қалғысы келмеді», - деп баяндады Ақтөбе-Ақтау пойызының бастығы Ботагөз Қиданова. 

Бұл Ботагөз Қиданованың пойызда әйел босандырудың бірінші оқиғасы емес екені анықталды. Бұл оқиғаға дейін ол үш қыз баланың дүниеге келуіне көмектескен. 

«Нәрестенің есімін Дінмұхамед деп қойған. Анасы екеуінің жағдайы жақсы», - деп атап өтті Б.Қиданова. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар