28 сәу, 2020 сағат 16:38

Ақтауда 1 жасар сәбиден коронавирус анықталды

Ақтауда 2019 жылы туған сәбиден коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол - осыған дейін вирусты жұқтырған науқастың ұлы. 

Облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан хабарлағандай, қауіпті дерт анықталған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған болатын. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.