27 қаң, 2021 сағат 09:37

АҚШ-та торнадо салдарынан бір адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды

АҚШ-тың Алабама штатындағы Фултондейл қаласында болған күшті құйын салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды, деп хабарлады nbcnews.com.

Джефферсон округінің Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма директоры Джим Кокер 20-ға жуық адамның жарақат алғанын мәлімдеді. 9 мыңға жуық тұрғыны бар Фултондейл қаласы Джефферсон аймағында орналасқан. 

Кокердің айтуынша, құйын Фултондейл арқылы өтіп, одан кейін жақын орналасқан Сентер-Пойнт қаласына жылжыған. 

Апаттың видеосынан бүлінген шатырлар, опырылып құлаған қабырғалар, аударылған көліктер және үзілген электр желісін көруге болады. 

Бирмингемдегі Ұлттық метеорологиялық қызметі (NWS) торнадоның күшін анықтау үшін келтірген шығын есептелетінін мәлімдеді. 

Аймақтың солтүстік-шығыс бөлігіндегі көптеген мектеп инфрақұрылым мен коммуналдық нысандардың қирауына байланысты жабық. 

Джефферсон округінің билігі адамдарды торнада кезінде жасырынып, Фултондейл мен Сентер-Пойнт қаласынан қашықтау жүруге шақырды.