11 қыр, 2020 сағат 06:35

АҚШ-та ормандар өртеніп жатыр

АҚШ-тың батысындағы ормандарда 100-ге жуық өрт болып, кем дегенде жеті адам қаза тапты, мыңдаған адам көшірілді, қалалар қирады. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.

Жылу толқындары мен желден болған өрттен ең көп зардап шеккен – Калифорния, Вашингтон және Орегон штаттары. 

Орегон штатының губернаторы осы оқиғаны штат тарихындағы өрт салдарынан «адам мен мүлік шығыны ең көп тіркелген жағдай» деп атады. 

Аймақтың басқа тоғыз штатында да орман өрті өршіп тұр. 

Орегонда орман өрті салдарынан үш адам, Калифорнияда – үш адам және Вашингтонда бір адам қаза тапқан. 

Ұлттық ведомствоаралық орман орталығының мәліметінше, АҚШ-тың батысында 96 ірі өрт тіркелген. Қазіргі кезде 3,4 миллионнан астам акр жер өртенді, бұл ретте соңғы күні Калифорния, Орегон және Вашингтонда оңдаған мың акр жер жанып кеткен. 

Орегон штатының ресми тұлғалары бірнеше қаланың жел сағатына 72 шақырым жылдамдықпен соққан кезде өртеніп кеткені мәлімдеді.