26 шіл, 2021 сағат 16:20

АҚШ-та өлімге әкелетін зең инфекциясын жұқтырғандар көбейді


Вашингтон қаласы мен Техас штатында алғаш рет Candida auris зең ауруын жұқтырудың бес жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Newsweek агенттігі.

Candida auris зең ауруын жұқтыру жағдайлары артып отыр. Ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, әлемдік денсаулық сақтау саласына қауіп төніп тұр. 

Инфекция елде жақында пайда болған, сондықтан АҚШ ғалымдары оның таралуының негізгі жолдарын әлі анықтаған жоқ. 

Бұған дейін Candida auris инфекциясы әлемнің 30 елінде кездескен.

Инфекцияны неғұрлым осал адамдар, денсаулығы нашар науқастар, сондай-ақ ауруханаларға жиі баратындар тез жұқтырады. 

Инфекция әдетте иммундық жүйесі әлсіз науқастарға әсер етеді делінген. 

Жаңа зең ауруының түрі Candida auris инфекцияның әртүрлі түрлерін тудыруы мүмкін. Зең ауруының белгілері байқалмауы мүмкін. Инфекция өлімге әкеледі деп хабарланған. 

Аталған ауруды жұқтырған адамдардың 30-60 пайызы қайтыс болды деп болжанған. 

Бірақ олардың көпшілігінде ауыр қосалқы аурулары болған. Инфекция адамнан адамға жұғатыны туралы хабарланды.