АҚШ-та коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші күннен күнге артып келеді. Билік COVID-19 жаңа толқынын жариялады және оны «дельта» штамының таралуымен байланыстырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Анықталған жағдайлардың тәуліктік саны 130 мыңнан асты. Өткен аптадағы вирус жұқтырушылардың саны 900 мыңнан асады. Сонымен қатар, ауруханаға жатқызылған балалар саны да өсуде. Осыған орай, Ақ үй қайталама вакцина алу мерзімін белгіледі.
Балкан Косово Республикасы барлардың жұмыс уақытын шектеді және түнгі клубтардың жұмысына тыйым салды. 20 тамыздан 1 қыркүйекке дейін мейрамханалар мен кафелер сағат 22:30-да жабылады, келушілерді тек вакцинация сертификаты ұсынылған кезде қабылдай алады. Той қонақтарының ең көп саны 300-ден 150 адамға дейін шектелген. Бұрын мұндай шаралар Солтүстік Македонияда енгізілген болатын.